Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 16 ақпандағы № 179 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2003
жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 16 ақпандағы № 179 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:

1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:

"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген 6-бөлiмдегі:

     "Мемлекеттік ұлттық кiтап палатасы                              51"
     деген жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-1-бөліммен толықтырылсын:

     "6-1 Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
           Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік              51";
           кiтап палатасы

2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 480-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

"Полиграфия ұйымдары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" MM".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов










































































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку