Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 273 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгiнiң «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегi дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бiр ай мерзімде:

1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізсiн;

2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов





























































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции