Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 110 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 110 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:

12-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку