Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 58 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 58 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 Қаулысымен 2012 жылғы 1 тамыздан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 58 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Республикасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:
тақырыбындағы «Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Республикасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Ресей» деген сөздің алдындағы 2, 3 және 4-тармақтардағы «Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Республикасының» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Документ утратил силу