Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Көкшетау» республикалық мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн.

3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекітілуiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д.К. Ахметов


























































 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции