Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 желтоқсандағы № 150аж қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 19 желтоқсандағы № 150аж қаулысы

Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 720-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 6-бағанында:

033-кiшi бағдарламадағы "10 шiлде - 10 қазан" деген сөздер "10 шiлде - 30 қараша" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 723-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны "1 дана ризограф" деген сөздерден кейiн ", саны 5 дана процессор, саны 4 дана монитор, саны 1 дана коммутатор, 1C бағдарламалық өнiм" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку