Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1266 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
18 желтоқсандағы № 1266 қаулысы




Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 32, 424-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама:

"Паспорт" деген 1-бөлімде:

"Қаржыландырудың көздері мен көлемі" деген жолда:

бірінші абзацта:

"30,615" деген сандар "32,84" деген сандармен ауыстырылсын;

"2004 жылға - 8,405" деген сөздер "2004 жылға - 10,63" деген сөздермен ауыстырылсын;

"3,5" деген сандар "5,725" деген сандармен ауыстырылсын;

"Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімде:

екінші абзацтың кестесінде:

"Республикалық бюджет" деген жолда:

"2004 жыл" деген бағандағы "8,405" деген сандар "10,63" деген сандармен ауыстырылсын;

"Барлығы" деген бағандағы "30,615" деген сандар "32,84" деген сандармен ауыстырылсын;

"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары" деген 8-бөлімнің кестесінде:

"ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы жөніндегі ақпараттық-білім беру жұмысы" деген 8.2-тарауда:

реттік нөмірі 8.2.4-жолда:

"Республикалық бюджет" деген бағанда:

"2004 жылға - 4,0" деген сөздер "2004 жылға - 6,225" деген сөздермен ауыстырылсын;

"барлығы - 15,5" деген сөздер "барлығы - 17,725" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку