Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 5 желтоқсандағы № 150ав қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 5 желтоқсандағы № 150ав қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 312-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "мемлекеттік тiлдi" деген сөздер "мемлекеттік және өзге де тiлдердi" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 318-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

"Моторолла" радиостанциясы - 1 дана" және "маман үшiн" деген сөздер алынып тасталсын;

"радиомикрофон - 3 жинақ," деген сөздерден кейiн "кресло - 250 дана, жұмыс үстелi - 54 дана, роликтi тумба - 50 дана, әмбебап шкаф - 37 дана" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулыға 319-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

"компьютер - 30 дана; принтер - 3 дана" деген сөздер "компьютер - 60 дана; принтер - 14 дана; DCN үшiн камераларды бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

"жиһаз" деген сөзден кейiн ", басқа заттар мен материалдар" деген сөздермен толықтырылсын;

"жиынтықтаушыларын" деген сөзден кейiн ", әдебиет" деген сөзбен толықтырылсын;

"Монтаждау және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу" деген сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу және құрылымдалған кабельдік жүйені монтаждау, ҚКЖ жабдығы (UPS - 1 дана, RIT жабдығы - 4 дана, жұмыс істеп тұрған жабдық - 2 дана, электр қалқаны - 2 дана)".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

Укажите название закладки

Создать новую папку