Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 503-ІІ Заңы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 503-ІІ Заңы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

15-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

«Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшiн туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады.».

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Укажите название закладки

Создать новую папку