Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1217 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 қарашадағы № 1217 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

"Андрющенко Александр Иванович" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға" деген жол мынадай мазмұндағы: "Мисников Владимир Андреевич" - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы, төраға" деген жолмен ауыстырылсын;

"Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы: "Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын;

"Әбсәтiров Кеңес Ғарапұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы" деген жол мынадай мазмұндағы: "Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку