Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 150ш қаулысы

Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 26 қарашадағы № 150ш қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгiзілсiн:

көрсетілген қаулыға 706-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың кестесі 5-бағанының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларды іске асыру тиiмділігінiң мониторингін жүзеге асыру ережесін әзiрлеу.";

7-тармақтағы "12" деген сандар "13" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку