Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қарашадағы № 1119 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына
толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8
қарашадағы № 1119 қаулысы

 

ҚР  Үкіметінің 2005.06.04.  № 310 Қаулысымен күші жойылды

 

"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

10-тармақтың 31) тармақшасы "есеп және есеп беру нысандарын," деген сөздерден кейiн "ветеринария саласындағы кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргiзу ережесін," деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку