Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің Мемлекет басшысының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 1184 Жарлығына түсініктемесі

"Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы
мәселелері" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Мемлекеттік-құқық бөлімінің Мемлекет басшысының 2003 жылғы 10

қыркүйектегі № 1184 Жарлығына түсініктемесі

Үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінде өткен құқық қорғау органдары кеңесінің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы жоғарыда аталған Жарлықты шығарды.

Оның қажеттілігі мынадай жәйттерге байланысты туындаған.

Жүргізілген қысқартуларға қарамастан, әлеует құрылымдарының республикалық және облыстық басқару аппараттары адам саны жағынан көп, олардың негізгі міндеттерді шешумен тікелей байланысты емес қамтамасыз ету қызметтерінің үлесі елеулі болып қалуда.

Елдегі әлеует құрылымдарының әскерилендіру деңгейі жоғары болып тұр. Шетелдік практиканы зерттеу көрсеткеніндей, көптеген елдерде жоғарыда аталған ұқсас функцияларды азаматтық тұлғалар атқарады, ал погоны бар әскери немесе арнаулы нысандағы киім өздерінің міндеттерін көшелерде және басқа қоғамдық орындарда тікелей атқаратын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ғана тиесілі екен, бұл халық оларды билік өкілдері ретінде қабылдауы үшін, арнаулы операциялар өткізу кезінде құқық тәртібін сақтау және төтенше жағдайларда міндеттерін орындауы, заңға құлықты болу және билік өкілдерінің заңды талаптарын сөзсіз орындау қажеттігін жария атап көрсету үшін қажет.

Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 10 қыркүйегінде Мемлекет басшысы "Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселелері" бойынша Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта генералдық лауазымдарды түбегейлі қысқарту көзделген.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку