Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 2103 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнды және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 16 қарашадағы № 465 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 ж. 1 қыркүйектегі № 327 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде № 2103 тіркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты
міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнды және үмітсіз санатына жатқыза
отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы
16 қарашадағы № 465 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 ж. 1 қыркүйектегі № 327 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы № 465 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2103 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 1-12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесінде:
тоғызыншы абзацта "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"инвестициялық заем (кредит) - материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құру, кеңейту және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын оның бизнес-жоспарына сәйкес заңды тұлғаға бес және одан да көп жылға берілген заем (кредит);";
Документ утратил силу
Демо – версия документа