Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 150е қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 19 тамыздағы № 150е қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 326-қосымшада:

6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

"Сарапшылық зерттеулердi жүзеге асыру үшiн электронды таразыларды сатып алу.";

көрсетiлген қаулыға 334-қосымшада:

6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Мерзiмдi баспа басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу, теле- және радиобағдарламаларды дайындау; құқықтық мазмұндағы жарнамалық-имидждiк роликтердi әзiрлеу және шығару. Құқықтық пәндер бойынша оқу құралдарын, бағдарламаларды, әдiстемелiк құралдар мен әзiрлемелердi дайындау және шығару.".

2. Осы қаулы қол қойылған бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку