Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 тамыздағы № 810 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Кейбір объектілерді республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 13 тамыздағы № 810 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының «Қазақстан» спорт сарайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі «Астана-Бәйтерек» монументі республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции