Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Павлов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич         Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Құлекеев                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Жақсыбек Әбдірахметұлы      ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Исекешев                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы             және сауда вице-министрі
Ойнаров                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы            вице-министрі
Асанов                    - Қазақстан Республикасының Әділет
Жақып Қажманұлы             вице-министрі

көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Мұхамеджанов Бауыржан Әлімұлы, Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы, Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, Тоқсейітов Рақымберген Құрманғалиұлы, Шамсутдинов Ринат Шарафутдинович.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку