Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының Күзет және қадағалау бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі № 731 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

"Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының
Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі № 731 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесi "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции