Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № 695 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 шілдедегі № 695 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 46, 47 және 48-жолдармен толықтырылсын:

"46. "Қазақ газеттері" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.

47. "Жас өркен" ААҚ (Астана қаласы) 100%.

48. "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов








 

Укажите название закладки

Создать новую папку