Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Көркемсурет көрмелері мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 3 шілдедегі № 651 қаулысы (2003.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 3 шілдедегі № 651 қаулысы

(2003.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 369 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. «Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта аталсын.

ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi» деген бөлiмде:

реттiк нөмiрi 512-25-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«512-25 «Көркемсурет

көрмелерi дирекциясы»

республикалық мемлекеттік

қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»;

2) «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiзбесiнде:

реттiк нөмiрi 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Көркемсурет көрмелерi дирекциясы».

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен «Көркемсурет көрмелерi дирекциясы» РМҚК-ны әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркеудi қамтамасыз eтсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов




































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку