Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 566 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысына
өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 11 маусымдағы № 566 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсін:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку