Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 мамырдағы № 473 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 21 мамырдағы № 473 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықта:

11-тармақ «дәрігердің» деген сөзден кейін «мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағамбетов

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку