Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 135 бұйрығымен бекітілген) (ҚР Қаржы министрлігінің 10.09.04 ж. № 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 523 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2003 жылғы 2 сәуірдегі
№ 135 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу жөніндегі
нұсқаулық
(ҚР Қаржы министрлігінің 10.09.04 ж. № 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Қаржы министрлігінің 10.09.04 ж. № 348 бұйрығымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрлігінің 10.09.04 ж. № 348 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Нұсқаулық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу егжей-тегжейін анықтайды.
2. Талдау жүргізу үшін өзіне мыналарды қамтитын қаржылық ақпараттың мынадай нысандары ақпараттық дерекқор болып табылады:
1) Айналым балансы;
2) Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
3) Ақшаның қозғалысы туралы есеп;
4) Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп;
5) Еңбек жөніндегі есеп;
6) Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру туралы есеп;
7) Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп (жабылмаған зиян);
8) Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба.
ҚР Қаржы министрлігінің 10.09.04 ж. № 348 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Көрсеткіштерді есептеу Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) берілген.
4. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне талдау мынадай тізбектілікте жүргізіледі:
1) Активтерді қалыптастыру көздерін талдау:
өзіндік капитал;
кірістер мен шығыстар;
міндеттемелер.
2) Активтердің құрылымын талдау:
айналымнан тыс активтер;
ағымдағы активтер.
3) Еңбек және жалақыны талдау.
Документ утратил силу
Демо – версия документа