Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Энертетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Мұнай-газ капиталы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысы (ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604;28.10.04 ж. № 1105 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Энертетика және минералдық ресурстар
министрлігінің "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1105 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

(Бұр. ред. қара)

Оны иелену мен пайдалану құқықтары мұнай-газ жобалары бойынша мердiгерлерге берілуi тиiс мемлекеттік мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзудi және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Астана қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:

1) "Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны бойынша өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келісімнің кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысы 4-тармағының 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерi мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолмен толықтырылсын:

"12. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Мұнай-газ капиталы 16";

3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов
























 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции