Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 169 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 18 ақпандағы № 169 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейін акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын:

"42. "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку