Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 190 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 24 ақпандағы № 190 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік білім мекемелерiнің ақылы білім беру қызметiн көрсетудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің ақылы білім беру қызметiн көрсетуінің тәртібі:

мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

"2-3. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы білім беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызмет көрсетуi жатады".

5-тармақтың үшiншi абзацында:

"2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында";

"кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:

"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку