Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсінорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 149 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiнорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 149 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Инженерлiк және техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудi одан әрi жетiлдiру және ерекше мәртебесi бар мемлекеттік жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық және зияткерлiк әлеуетiн, материалдық-техникалық базасы мен инновациялық білім беру технологияларын неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оны әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |