Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Алматы» әскери санаторийі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 қаңтардағы № 68 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Алматы» әскери санаторийі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 21 қаңтардағы № 68 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Алматы» әскери санаторийі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін.
3. Алматы қаласының әкімдігі белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |