Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 33 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 қаңтардағы № 33 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорны» оны «Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Әкiмшiлiк ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) етiп қайта құру жолымен;
2) «Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорны» оны «Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының Қызметтiк тұрғын үйлердi пайдалану жөніндегі дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Дирекция) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қызметiнiң негiзгi мәнi:
1) Кәсiпорынның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау;
2) Дирекцияның - Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының қызметтiк тұрғын үйлерiн пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне жаңадан құрылған ұйымдардың жарғыларын бекiтуге ұсынсын және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |