Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 16 қаңтардағы № 25 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 16 қаңтардағы № 25 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 330 қаулысымен күші жойылды


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген 5-бөлімде:

"Түзеу мекемелері" деген жолда "12 382" деген сандар "12 900" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку