Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 қаңтардағы № 19 Қаулысы (2015.13.11. енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 қаңтардағы № 19 Қаулысы

(2015.13.11. енгізілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:

1) «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»;

2) ҚР Үкіметінің 2015.13.11. № 911 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды

3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы 482;

Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі 18".

4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

 

 

 

 

И.Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции