Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 18 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 қаңтардағы № 18 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 559-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларында:

1-тармақтың 3) тармақшасы "бірлестіктерінен," деген сөзден кейін "сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен," деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку