Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 24 желтоқсандағы № 1363 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 24 желтоқсандағы № 1363 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

VI "Шығындар" деген бөлiмде:

3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" деген функционалдық топта:

1 "Құқық қорғау қызметi" деген iшкi функцияда:

201 "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі" деген әкімшi бойынша:

050 "Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды, нөмiр белгiлерiн жасау" деген бағдарламада:

030 "Мемлекеттік тiркеу нөмiрлерi белгiлерiн дайындау" деген кiшi бағдарламадағы "644700" деген сан "718200" деген санмен ауыстырылсын;

032 "Жүргiзу куәлiктерiн дайындау" деген кiшi бағдарламадағы "367461" деген сан "293961" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку