Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1344 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 және
2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1344 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат):

2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау:

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда көрсетілген сыйлықтар;

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін.";

2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:

14-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

"18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күші енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов












































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку