Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 желтоқсандағы № 1335 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 20 желтоқсандағы № 1335 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейінгі акциялардың мемлекеттік пакеттері жекешелендіруге, оның ішінде жекешелендірудің алдын ала сатысына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40 және 41-жолдармен толықтырылсын:

"40. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%

41. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов












 

Укажите название закладки

Создать новую папку