Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1294 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 10 желтоқсандағы № 1294 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

"Алматы қаласы" деген бөлімде:

реттік нөмірі 123-14-жолдағы "Биоген" ЖАҚ" деген сөздер "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-18-жолмен толықтырылсын:

"222-18. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ";

3) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ж, 2000 ж., № 43, 513-құжат):

көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:

"37. "Ф.М.Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты ЖАҚ (Алматы қаласы) 54 пайыз".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов


































 

Укажите название закладки

Создать новую папку