Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1242 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 және
2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1242 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

ІҮ "Шығындар" деген бөлімде:

4 "Білім беру" деген функционалдық топта:

5 "Қосымша кәсіби білім беру" деген ішкі функцияда:

213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген әкімші бойынша:

010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" деген бағдарламада:

005 "Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру" деген кіші бағдарламадағы "2 153" деген сан "3 381" деген санмен ауыстырылсын;

030 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандарын оқыту" деген кіші бағдарламадағы "14 239" деген сан "13 011" деген санмен ауыстырылсын;

2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулысына:

көрсетілген қаулыға 11-қосымшада 6-тармақтың кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанындағы "420" деген сан "480" деген санмен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 17-қосымшадағы 5-тармақта "аумақтық органдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов














































































 

Укажите название закладки

Создать новую папку