Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 8 қарашадағы № 1179 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 8 қарашадағы № 1179 қаулысы

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:

1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" деген функционалдық тобында:

1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" деген iшкi функциясында:

690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкiмшiсi бойынша:

030 "Сайлау өткізу" деген бағдарламасында:

031 "Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу" деген кiшi бағдарламасында "59014" деген сан "40014" деген санмен ауыстырылсын;

032 "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң депутаттарын сайлауды өткізу" деген кiшi бағдарламасында "8925" деген сан "20925" деген санмен ауыстырылсын;

033 "Мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу" деген кiшi бағдарламасында "58000" деген сан "65000" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов






















 

Укажите название закладки

Создать новую папку