Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қазандағы № 1138 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қазандағы № 1138 қаулысы


ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 шілдедегі № 1006 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі»;

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов









 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку