Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 14 тамыздағы № 897 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 14 тамыздағы № 897 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

IV "Шығындар" деген бөлімінде:

1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" деген функционалдық тобында:

1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" деген ішкі функциясында:

690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкімшісі бойынша:

030 "Сайлау өткізу" деген бағдарламасында:

032 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды өткізу" деген кіші бағдарламасында "16925" деген сан "8925" деген санмен ауыстырылсын;

033 "Мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу" деген кіші бағдарламасында "50000" деген сан "58000" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку