Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 10 маусымдағы № 624 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 10 маусымдағы № 624 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:

5 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлімде "Аудандық АХАЖ-дар - 789" деген жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

И. Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку