Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградаларының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 27 мамырдағы № 882 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсiздік органдарының нышандары менведомстволық наградаларының кейбір мәселелері туралы
ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2002 ж. 27 мамырдағы № 882 Жарлығы

 

ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығымен күші жойылды

 

Қосымша ведомстволық наградаларды белгілеу және Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандарына өзгерістер енгізу мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi» омырауға тағатын белгісiнiң;

2) «Құрметті шекарашы» омырауға тағатын белгісiнiң;

3) «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi үлесi үшiн» естелiк медалiнiң;

4) «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалiнiң;

5) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi» естелiк медалiнiң;

6) «ҰҚК-КНБ-Қазақстан» үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгісiнiң бейнелерi мен сипаттамалары бекітілсiн.

2. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының рәмiздерi мен ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 191-бап) келесi өзгерістер енгiзiлсiн:

1-тармақтағы 3) тармақша алынып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының ведомстволық наградалары болып:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құрметтi қызметкерi» омырауға тағатын белгiсi;

2) «Құрметтi шекарашы» омырауға тағатын белгiсi;

3) «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегі үлесi үшiн» естелiк медалi;

4) «Шекараны үздiк күзеткенi үшiн» естелiк медалi;

5) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ардагерi» естелiк медалi;

6) «ҰҚК-КНБ-Қазақстан» үшiншi, екiншi және бiрiншi дәрежелi омырауға тағатын арнаулы белгiсi;

7) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi» естелiк медалi белгiленсiн.»;

3-тармақтағы 3)-6) тармақшалар алынып тасталсын.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку