Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 және 2002 жылғы 18 ақпандағы № 228 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 мамырдағы № 576 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N
1715 және 2002 жылғы 18 ақпандағы № 228 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 мамырдағы № 576 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:

8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын;

2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 ақпандағы № 228 қаулысына:

көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:

6-тармақта:

5-бағанда:

реттік нөмірі 1-жолда:

"несие берудің ережесіне сәйкес" деген сөздер "арнап" деген сөзбен ауыстырылсын;

"Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағанбетов


















 

Укажите название закладки

Создать новую папку