Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана» республикалық мемлекеттік мекемесінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы № 553 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

"Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық
мемлекеттік мекемесінің жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы № 553 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Бұрынғы редакцияларды қара

Психиатрия мен наркология саласында ғылыми зерттеулердің тиісті деңгейде жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Орталықтың жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов






























































 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции