Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 мамырдағы № 518 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 13 мамырдағы № 518 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

1-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты:

"Қаржыландыру көзі және көлемі" деген жолдағы "142" деген сан "114,47" деген санмен ауыстырылсын;

6-бөлімде. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері:

екінші абзацтағы "142" деген сан "114,47" деген санмен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы "50" деген сан "22,47" деген санмен ауыстырылсын;

8-бөлімде. Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

реттік нөмірі 3-жолдың "Орындау мерзімі" деген 5-бағанындағы "2002" деген сан "2004" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

И. Тасмағанбетов






 

Укажите название закладки

Создать новую папку