Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 7 мамырдағы № 506 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

«Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 7 мамырдағы № 506 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығына сәйкес және мемлекеттік қызмет кадрларының кәсіптік деңгейін көтеру әрі мемлекеттік қызметшілерді оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің «Еуразия мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің оны Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі аясы білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық іс-қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

И.Тасмағамбетов
























































 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции