Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Санаткерлік меншік құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 наурыздағы № 345 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Санаткерлік меншік құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 20 наурыздағы № 345 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Атқарушы, бақылау-қадағалау функцияларын және санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құрылымдарын оңтайландыру, сондай-ақ көрсетілген құқықтарды қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) «Қазақстан Республикасының патент заңы«1999 жылғы 16 шілдедегі және «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның функциялары жүктелсін.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің «Қазақстан патенттік сараптама институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі ҚПСИ) таратылсын.

3. Комитет осы қаулының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның функцияларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ҚПСИ-дің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.

4. Комитет ҚПСИ-дің таратылуын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов




 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции