Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы № 324 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 18 наурыздағы № 324 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

IV "Шығындар" бөлімінде:

3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобында:

9 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" ішкі функциясында:

221 "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" әкімшісі бойынша: 001 "Әкімшілік шығындар" бағдарламасында:

001 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасындағы "152424" деген сан "155344" деген санмен ауыстырылсын;

030 "Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аппараты" кіші бағдарламасындағы "100448" деген сан "97528" деген санмен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку