Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 15 наурыздағы № 311 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 15 наурыздағы № 311 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Картография» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарының өндірісі, сондай-ақ топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді құрастыру, сақтау және пайдалану болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.

4. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции