Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 ақпандағы № 251 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 27 ақпандағы № 251 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Спорттық резервтi және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындары (бұдан әрi Кәсiпорындар) құрылсын.
2. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
1) «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның iшiнде республиканың спорттық резервi мен ұлттық құрама командаларын даярлау;
2) «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының: спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде Халықаралық олимпиада комитетiнiң Допингке қарсы кодексiне сәйкес допингке қарсы iс-шараларды өткізу.
4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |